Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

NUR OTAN: МЕГОПОЛИСТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМИТЫН БОЛАДЫ

Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру кезінде тұрғындардан түрлі ұсыныс түсіп жатыр. Мұның барлығы мегополис тұрғындарының жағдайын жақсарту, олар өмір сүретін ортаны ыңғайлы ету, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Ең бастысы – тұрғындар «NUR OTAN» партиясының сайлауалды бағдарламасы өздерінің алдағы 5 жылға жасалған дұрыс жолы, түсінікті бағдары, тұрмысты ыңғайлы етуге арналған құжаты деп қарайтыны.

«NUR OTAN» партиясы Шымкент қалалық филиалының штаб мүшелері Қызылсу тұрғын алабында болып, тұрғындармен кездесті. Мұнда инфрақұрылымдық мәселелер толығымен дерлік шешілген. Мектеп бар, жол салынған, газ тартылған. Бірақ, ертеден ауылшаруашылығымен айналысатын дихандарды ағын су мәселесі мазалайды. Жаз кезінде алқаптар сусыз қалатын кездері болады екен. Ауылға су жеткізетін Аламан каналы Түркістан облысы аумағынан бастау алады. Бұл мәселе өңіраралық су шаруашылығы мекемесінің араласуымен шешілетін болады.

Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

Алдағы сайлауда сіздерді «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз!

0
0
101

Еще по теме

NUR OTAN: МЕГОПОЛИСТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМИТЫН БОЛАДЫ - Yvision.kz