NUR OTAN МЕДИЦИНАДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Е.Кабдувалиев, С.Огнев және Д.Ибрагимованың «MiraMed» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партия мүшелері экономиканы және әлеуметтік саланы дамытудың нақты жолдарын айтып берді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының Қазақстанның саяси тұрғыдағы жетекші партиялық қауымдастық және көптеген әлеуметтік жобалардың модераторы ретіндегі рөлі айқындалды.
Нұротандықтар кездесуге жиылған жұртшылықты алдағы уақытта іске асатын жоспардың нақты бағыттарымен таныстырып өтті. Атап айтқанда, олар сапалы білімге қолжетімділікті арттырып, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны құруға және жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат етеді. Оның ішінде Алтай ауданындағы бірқатар мектептерді жоспарлы жөндеуден өткізу, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылдық және кенттік округтерге жас мамандарды тарту, мектепке дейінгі мекемелер санын көбейту, балабақшалар салу, білім беру жүйесіндегі басқа да маңызды жобалар бар.
- Сіздерді 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдайды деп үміттенеміз. Біз өзімізге артылған сенімге жауапкершілікпен қараймыз және тек бірлесіп қана жақсы нәтижелерге қол жеткізетіндігімізге, еліміздің өркендеуі үшін еңбек ете алатындығымызға сенімдіміз, - деп өз сөздерін түйіндеді кандидаттар.
