Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN»: МАҚТААРАЛДА АГРОСЕКТОР ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРАДЫ

«NUR OTAN»: МАҚТААРАЛДА АГРОСЕКТОР ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРАДЫ

28.12.2020 oninfokz

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ержан Сыдықов пен Жомарт Датқаев «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Мақтаарал ауылдық округінің Игілік елді мекенінде болды. Мақтаарал ауылдық округі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Дәрменбай Көпжасаровтың үйінде болған үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі басымдықтарына тоқталды. Алдағы 5 жылда партияның бастамасымен ауданда ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, медицина және білім салаларында атқарылатын жұмыстардың жоспарларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Үміткерлермен өткен жүздесу барысында Дәрменбай ақсақал партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға, жүзеге асқан мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесіне жоғары бағасын беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беретінін жеткізді.

0
0
109

Еще по теме

«NUR OTAN»: МАҚТААРАЛДА АГРОСЕКТОР ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРАДЫ - Yvision.kz