«Nur Otan»: МАҚТААРАЛ ҮМІТКЕРЛЕР ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Nur Otan»: МАҚТААРАЛ ҮМІТКЕРЛЕР ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
29.12.2020 oninfokz
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Әділ Жұмаділлаев пен Жасұлан Қолдасов Атакент кентінде «Қазақтелеком» АҚ Мақтаарал аудандық филиалының ұжымымен кездесті.
Бүгінде байланыс құралдарының соңғы үлгідегі технологиялық үлгілерін іске қосып, байланыс жүйесінде сандық телефон станциялары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, Жердің жасанды серіктері арқылы байланысу технологияларын қолданысқа енгізген «Қазақтелеком» мамандарына партияның сайлауалды бағдарламасын, ондағы 7 басымдықты түсіндірді. 1994 жылдан бері «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылған еліміздегі аталмыш сала мамандарына үлкен жауапкершілік жүктелгенін айтқан кандидаттар 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді
