NUR OTAN: «МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ТЕҢ ӘРІ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚҰРАМЫЗ!»
Үгіт-насихат жүргізу мақсатында "Атамекен" медициналық орталығының ақ халатты абзал жандарымен кездесті. "Атамекен" медициналық орталығы – 200-ден астам маман қызмет көрсететін озық үлгідегі Оңалту Орталығы. Медициналық мекеме 3000 науқасқа дейін қызмет көрсетуге қауқарлы.
Кандидаттар ұжым қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Орталық қызметкерлері "Nur Otan" партиясының пандемия кезіндегі қолдау көрсеткенін айтып, партияға деген ризашылықтарын білдірді. Алдағы сайлауға белсенді түрде қатысып, еліміздің жетекші партиясына дауыс беретінін де айтты.
Қашан да «Nur Otan» партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы болған. Сол себепті көшбасшы партия өзінің бағдарламасының топ 10 басымдылығына денсаулық сақтау саласын еңгізіп, орындалуына жіті көңіл бөлуде.
Қала бойынша 37 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Партия ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тең әрі қолайлы орта құруға жағдай жасайтынын айтты үміткерлер. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен:
2021-2022 жылдары мүгедектерге арналған «Тең қоғам» оңалту орталығы ашылады;
2021-2022 жылдары Оңалту орталығын 70 адамнан – 140 адамға дейін қабылдау қамтамасыз етіледі;
2023-2024 жылдары 150 орындық жаңа «Оңалту орталығы» салынып, пайдалануға беріледі;
«Оңалту орталықтарында» кәсіби мамандар (реабилитолог, сурдолог, дефектолог, психолог) тапшылығы шешіледі;
Мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға арналған арнайы түзеу білім беру орталықтарының жұмысы жандандырылады;
Балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтік бейімдеп жұмысқа орналастырылады;
Мемлекеттік мекемелер, қоғамдық орындар, саябақтар, сауда объектілері мен ойын-сауық орталықтарындағы пандустардың талаптарға сай болуы қамтамасыз етіледі;
Барлық аялдамалар мүмкіндігі шектеулі жандардың ыңғайлығына қарай жабдықталатын болады.
«Nur Otan» нақты істер партиясы!
