Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN»-ДЫҚТАР ЕЛ ІШІНДЕ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер, праймериз жеңімпазы Ералы Жумадилов Мырзакенттік тұрғындарымен өткен кездесуден соң Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Арайлы елдімекенінде болды. Ауылдағы ағайынмен жүздесіп, сұхбаттасты.

«Nur Otan» партиясының бастамасымен аудан ауылдарда жүргізіліп жатқан құрылыс, жол жөндеу жұмыстарына тоқталып, ауыз су, табиғи газ, ауыл шаруашылығы салалары бойынша атқарылар істердің жоспарларымен бөлісті. Партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған негізгі жеті басымдықты таныстырды.

«Негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саласы саналатын ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында «Nur Otan» партиясының үлесі мол. Өйткені, қарапайым халықтан құралған партия мүшелері аграрлы саланы назардан тыс қалдырмайды. Біз өздеріңізбен бірге жүріп-тұрғандықтан ауылдың, ауданның өзекті мәселелерін жақсы білеміз. Күрмеуі қиын, шешілуі кезек күттірмейтін мәселелерді бірінші кезекте шешіп келеміз. Партияның назарынан ешнәрсе де тыс қалмайды» дейді «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев.

Тұрғындардың қойған сұрақтарына жауап берген үміткерлер 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan»-дықтарға дауыс беруге шақырды.

Еще по теме

«NUR OTAN»-ДЫҚТАР ЕЛ ІШІНДЕ - Yvision.kz