«NUR OTAN-ДА» ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
«NUR OTAN-ДА» ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
«NUR OTAN» партиясының қоғамдық қабылдауы партияның маңызды құралы деп атап өтуге болады.Өйткені қоғамдық қабылдау халықпен кері байланысты қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетте тиімді тетік және партияға өтінішпен келетін азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге үлкен септігін тигізіп келеді.
Бүгінде талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, халықтың партияның қоғамдық қабылдауына келіп, өз өтініштерін білдіруі айтарлықтай артқан. Бұл - азаматтардың партияға деген сенімінің күшейе түскенін білдіреді. Бүгін қоғамдық қабылдауды «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,аудандық мәслихат депутаты Светлана Байтенова жүргізді. Қоғамдық қабылдау онлайн және офлайн форматта өткізілді.Қабылдауға тыл ардагері М.Погорелова келіп,ауласын шөптен тазартуға көмек сұрады.Аталған мәселе аясында аудандық жастар ресурсының директоры Н.Қайыржановпен Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Қалиевамен хабарласып,көмек ұйымдастырылатын болды.Сонымен қатар көп балалы отбасы балалары үшін жоғарғы оқу орындарына грант мәселесі бойынша түскен сұраққа заң аясында түсінік берілді.Қоғамдық қабылдау партияның “Ардагерлерді ардақтайық”,”Бақытты отбасы”партиялық жобалары шеңберінде барлық мәселелер партия назарында болады.#NurOtan #қоғамдыққабылдау
