Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"NUR OTAN" Бурлинский филиал

Ауданда "Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIII конференциясы өтті. Конференцияға партияның аудандағы филиал төрағасы, аудан әкімі Миржан Сатканов, партияның аудандағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Малика Мақауова, сонымен қатар аудандық мәслихат депуттатары партия ұйымына ұсынылған делегаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы бойынша делегаттардың сайлауалды бағдарламаларын бекіту, пікірсайыстардың қортындысы бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, Бөрлі ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту,аталған конференция делегаттарын сайлау бағыттары қарастырылды. Конференцияда сайлауалды бағдарламаларды бекіту үшін партияның аудандағы филиал төрағасы, аудан әкімі Миржан Сатканов хабарлама жасады.Күн тәртібі бойынша кезек Бөрлі аудандық филиалы Саяси Кеңесінің Бюросы бекіткен тізімге сәйкес қатысушылар арасындағы пікірсайыс болды.«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша 26 кандидат бекітілді. Олардың 30 % әйелдер, 20% жастар 30 % аудан әкімінің квотасын құрайды. «Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының ХХVI конференциясына делегаттар сайланды.

2
0
134

Еще по теме

"NUR OTAN" Бурлинский филиал - Yvision.kz