NUR OTAN: «БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ, ТІРЛІК БАР!»
Өзбек этномәдени бірлестігі Оңтүстік Қазақстан өңірінде 1989 жылы құрылып, осы уақытқа дейін өңірдің саяси-қоғамдық, мәдени өміріне белсене араласып келеді. Қазіргі уақытта да өзбек этносы өкілдерінің қоғамның ортақ құндылықтарын қастерлеуіне ұйытқы болып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға белсене атсалысуда. Қазақстанның басты 7 жетістігінің 3-бағытында айтылғандай, бірлестік ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімді нығайтуға өз септігін тигізіп келеді.
Бірлестік мүшелерімен кездесу барысында үміткерлер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын толық түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Nur Otan" партиясының 10 бағыттан тұратын,5 жылдық бағдарламасын зейін қойып тыңдаған жиынға қатысушылар, өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды.
– Біз сіздермен бірлесе отырып, көздеген мақсатымыз бен арманымызға жете аламыз. Партиямызға артылған үміт пен сенімді нәтижелі іспен ақтаймыз. Себебі, «Nur Otan» - нақты істер партиясы!, - деді партия белсенділері.
Бірлестік мүшелері жарқын болашақтың кепілі – "Nur Otan" партиясына 100% сенім білдіріп, 10 қаңтар күні түгел дауыс беретіндерін жеткізді.
"NUR OTAN” - НАҚТЫ ШЕШІМДЕР
МЕН ЖАРҚЫН ІСТЕР КЕПІЛІ!!!
