Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTАN»: БАРЛЫҚ САЛАҒА НАЗАР АУДАРАДЫ

Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жалғасбай Мұсабеков «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау үшін өңірге белгілі зауыт ардагерлерімен кездесу өткізді. Оларды алдағы сайлауға шақырып, партияның бірнеше бағытын түсіндірді.

Қаланы дамытудың 7 басым бағыттарын «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында негізіге алды. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Осы ретте бағдарламаны зауыт ардагерлері Николай Давыдов пен Бейбіт Нұртаевқа түсіндірген қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жалғасбай Мұсабеков қаланың жеті басым бағытына қысқаша тоқталды.

- «Nur Otan» партиясы әрбір жеке азаматтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін тұрақты экономикалық дамуды бағдар етіп қояды. Сондықтан сайлауалды бағдардаманың алғашқы бағыты экономикалық тұрақты қала болды. Одан кейәнгі бағыт «Жайлы қала» деп аталады.

«Nur Otan» партиясы азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әрқайсысының орталықтандырылған сумен жабдықтауға, таза ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды. «Әлеуметтік бағдарланған қала» деп аталатын үшінші бағыты бар. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, яғни өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші. Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш саламыз. Ал «Жастар үшін қала» басымдылығында жастарымызға жасалатын мүмкіндіктер туралы жоспарлар көрсетілген. «Тарихы мен мәдениеті бай қала» деп аталатын бесінші бағытта бес жылда өтетін мәдени шаралар мен мәдениет орталықтарының жандандыру жұмыстары туралы көрсетілген. «Ашық және есеп беретін жергілікті органдарды» бағдарламаның алтыншы басымдылығына орналастырған. Бұл мемлекеттік қызметшілердің қызмет көрсету кезінде әуре-сарсаңға және төрешілдікке жол бермеу жауапкершілігін күшейтуге, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. Соңғы бағыты «Қауіпсіз қала» деп аталады. Қаламыздың көркеюі мен дамуына мүмкіндік сыйлайды,-деді ол.

Қаламыздың сыйлы азаматтарды кездесу барысында батасын беріп, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясының жеңіске жететіндеріне сенім білдерді. Сонымен қатар халықты қашанда қиындықтан алып шығатын партияның қатарында болуға шақырды.

Кездесу соңынада Жалғасбай Мұсабеков зауыт ардагерлерін сайлауға шақырып, қашанда партияға қолдау білдірулерін сұрады.

0
0
114

Еще по теме

«NUR OTАN»: БАРЛЫҚ САЛАҒА НАЗАР АУДАРАДЫ - Yvision.kz