Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN»: АҚТӨБЕДЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҮШІН СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Ақтөбеде мыңға жуық отбасыны татуластырған медиатордың шаңырағына барып, «Nur Otan» партиясының қалалық сайлауалды бағдарламасының негізгі жеті бағытын түсіндірген Мирлан Сатыбалдин Ақтөбе қаласының бес жыл ішінде қауіпсіз, әрі жайлы қала болатынын жеткізді.

- Қаламыздың жандануы үшін бірге күресу керек. Ақтөбенің дамуы

өзімізге байланысты. Бес жыл ішінде біздің қала сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей жайлы, әрі қауіпсіз қалаға айналады. Жыл сайын жаңа мектеп, медицина орталығы, мәдени ғимараттар бой көтеретін болады. Әлемді шарлаған пандемия барлығымыздың қолымызды байлап отыр. Дегенмен «Nur Otan» паритиясы келер жылдан бастап көрсетілген бағдарламадағы жоспарларына толығымен кіріседі. Қаламызда медицинаның сапасы артады. Келер жылы ауысымына 150 адам қабылдайтын 200 төсекке консультациялық-диагностикалық бөлімшесі бар облыстық перинаталдық орталықтың құрылысын аяқталады. Жыл сайын жаңа медициналық мекеме жанданып, жұмыстарын жалғастыратын болады. Білім саласында мектептер күрделі жөндеуден өтеді. Жаңа мектептер салынады. Кәсіпкерлердің жұмыстары артып, қосымша оқуға жіберілетін болады,-деді ол.

«Партия құрамына кешегіде ғана қосылғаныммен, бұрыннан «Nur Otan» партиясын қолдап жүрмін» деген Бибігүл Әбдішүкірқызы алдағы сайлауға сәттілік тіледі. Өзіне келген әр адамға партияны қолдауға шақыратынын айтты.

- Еліміздің болашағының жарқын болғанын қалаймыз. Бізге

дәл осы «Nur Otan» партиясы жан-жақты қолдау танытып, болашағымыз үшін жұмыстар атқарып келеді. Қаншама дүниелер жасалды. Алдағы сайлауда жеңіске жеткенін қалаймын. Даму мен прогресс үшін жұмыс жасайтын бірден бір партия осы. Қаламыз көркейіп, жандана берсін,-деді Бибігүл Әбдішүкірқызы.

Ал Мирлан Сатыбалдиннің айтуынша, қаламызда медициналық орталықтардан бөлек спорт кешендері де бой көтереді. Спорт саласында жүрген азаматтарымыз үшін жағдай жасалады.

- Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт кешенін

салынады. Бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасайтын боламыз. Алдағы жылы Ақтөбе қаласында триатлон паркінің құрылысы аяқталады. Екі жыл ішінде 8 дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салынады. 3 футбол алаңын қайта жаңартудан өтеді. Жыл сайын 30 мың адамды қамтитын 100-ден астам бұқаралық спорттық іс-шараларын өткізуге көмектесеміз,-деді Мирлан Сатыбалдин.

Айта кетейік, спорт саласындағы шараларды дамыту тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен қамтуды 33,3% - дан 36% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

0
0
165

Еще по теме

«NUR OTAN»: АҚТӨБЕДЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҮШІН СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ - Yvision.kz