Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Nur Otan

Бүгін Өзенмұнайгаз АҚ қарасты Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасында Қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Бауыржан Бердібайұлы Бауыржан және Орынбасар Сейдов "ӨзенМұнайГаз" АҚ қарасты Автоматтандыру және телекоммуникация басқармасының еңбек ұжымымен кездесті.

Депутаттыққа үміткерлер NUR OTAN партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталып, әр басым бағыт, соның ішінде әлеуметтік сала бойынша, Медицина және Мұғалімдердің алдағы уақытта жалақылары өсетіндігі туралы жұмыстар жөнінде айтып өтті. Онлайн шараға қала мен аудандардан кандидаттар, сенімді өкілдері өз өңірлеріндегі өзекті болып отырған мәселелерді тілге тиек етіп, партияның мүдделі шараларымен таныстырды.

Жиында өндіріс саласының қызметкерлері тарапынан қаладағы жаңадан салынған жол сапасына бақылау жүргізу, тротуар салу, аялдамалар салу, Базар бағасының тұрақсыздығына бақылау жүргізу және жұмыссыздық мәселесі туралы сұрақтар қойылып, аталған мәселелер аясында келер жылы бағдардама аясында атқарылатын жұмыстар бойынша жауаптар берілді.

#JenimpazBol #Bizbirgemiz #NurOtan #NurOtanMangystau

#JasOtan #JasOtanMangystau

0
0
107

Еще по теме

Nur Otan - Yvision.kz