нострификациялау
Шетелдік білім орындарының берген білім туралы құжаттарын тану нострификациялау рәсімі ХҚКО-ы арқылы көрсетіледі. Аталған мемлекеттік қызметтерге сұраныс тұтынушылар тарапынан күннен-күнге артып келеді. Оның себебі еліміз егемендік алып, құлашын кеңге жайып, қарыштап дамыған заманда жастарымыздың біліктілігіне, білімділігіне қойылатын талап күшеюде. Осыған орай, мемлекетіміз білікті кадрлар даярлауға барлық күшті жұмылдыруда.
Егер Сіз шетелде білім алып, еліміздің кадрлық потенциалын толықтыру, білікті кәсіби мамандар базасын қалыптастыру мақсатында щштелдік жоғарғы оқу орнын бітіріп келсеңіз. ҚР Білім және ғылым министрлігіне ХҚКО-ы арқылы құжат тапсырып, оны жауапты орган барлық сараптау рәсімін тексеріп қарап, құжат иесінің білім туралы құжатын Қазақстан Республикасында баламалы деп танып, бұйрық шығару негізінде құжат иесіне куәлік береді. Аталмыш қызмет түрін қарау мерзімі 4 айдан аспайды. Ол үшін төмендегі құжаттардың жиынтығын ХҚКО-на өткізуіңіз тиіс:
1) бекітілген нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтаруға жатады);
3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшаның түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтаруға жатады): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);
4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
5) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
6) білім туралы құжатты (оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжат берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;
7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
8) төлем туралы түбіртек.
Толық ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО мен 1414 біріңғай байланыс орталығына жүгінуіңізге болады.
