ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРУДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҮЛЕСІ ЗОР
Бүгін «Nur Otan» партиясынан Отырар аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Бауыржан Әлмахан Маяқұм ауыл округінде болып, кәсіпкер әйелдермен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде үміткер тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.
Шағын және орта бизнесті дамыту – аудан экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, аудандағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты. Бағдарлама бойынша 2025 жылы аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 36,3%-ға немесе саны 5,6 мыңға жетіп, ондағы жұмыскерлер саны 7,6 мыңға артады деп күтілуде.
Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталған кандидат алдағы сайлау науқанында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
