Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
22:13, 06 февраля 2014

Николай Валуев Сочи Олимпиадасын ашады

Blog post image

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бокстан бұрынғы әлем чемпионы, Ресейдің допты хоккей федерациясының вице-президенті Николай Валуев Сочидегі олимпиадалық ойындар ашылуы салтанатына қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлады РБК.

«Қайырлы күн! Мен Олимпиаданың салтанатты ашылуына қатысамын. Шоуға менің қатысуымның мән-жайы туралы толығырақ таратуыма құқығым жоқ», — деп жазды Валуев Twitter-де.

Николай Валуев — бұрынғы танымал боксшы. Әлем чемпионы болды. Одан бұл атақты ауыр салмақтағы британдық боксшы Дэвид Хэй жеңіп алды. Бокс мансабын аяқтағаннан кейін Валуев саясатқа ойысты, қазір ол — Мемлекеттік думаның депутаты. Сонымен қатар Валуев Ресейдің допты хоккей федерациясының вице-президенті. Иркутскіде өткен бендиден соңғы әлем чемпионатында Ресей құрамасы әлем чемпионы атанды.

Олимпиаданың ашылуы 7 ақпанда мәскеу уақытымен 20:14-те басталады. Оның ашылу салтанатына кімдер қатысатыны туралы әртүрлі сыбыстар бар.

Айталық,  ресейлік танымал «Тату» тобы Олимпиаданы ашуы мүмкін деп хабарланды. Бұл ақпаратты топтың өзі әлеуметтік желілердің біріне орналастырған еді, соңынан топтың парақшасынан алынып тасталды.

Сондай-ақ Ксения Собчак Twitter-де олимпиаданың ашылу салтанатында олимпиада алауын Алина Кабаева жағады деп хабарлады.  Одан басқа тележүргізушінің мәліметтеріне қарағанда, Денис Мацуев, Никита Михалков, Валентина Терешкова және Валерий Гергиев қатыспақ.

 
0
163
0