Нейрожаттығулар миды дамытудың қарапайым жолы

Қазіргі ақпарат тасқыны заманында адам миына түсетін салмақ өте үлкен. Зейіннің шашырауы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі және тез шаршау көпшіліктің басты мәселесі. Осы тұста мидың жұмысын сергітіп, оның белсенділігін арттыратын қарапайым әрі тиімді әдіс бар. Ол — нейрожаттығулар.
Адам миы оң және сол жақ жарты шардан тұрады. Сол жақ бөлік логикаға, талдауға және тіл үйренуге жауапты болса, оң жақ бөлік шығармашылыққа, қиялға және интуицияға жауап береді. Нейрогимнастика екі жарты шардың тепе-теңдікте жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде адам логикалық тапсырмаларды да, шығармашылық жобаларды да бірдей сәтті орындай алады.
Арнайы қол қимылдары мен ассиметриялық жаттығулар мида жаңа нейрондық байланыстардың пайда болуына түрткі болады. Бұл біріншіден ақпаратты қабылдау жылдамдығын арттырады.Және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетін күшейтіп қана қоймай,бір уақытта бірнеше тапсырманы сапалы орындауға көмектеседі.
Мектеп жасындағы балалар үшін нейрожаттығулардың орны бөлек. Олар баланың дислексия және дисграфия мәселелерін жеңілдетуге,сабаққа деген зейінін тұрақтандыруға және қолдың ұсақ моторикасын дамытып, әдемі жазуға септігін тигізеді.
Күйзеліс кезінде мидың жұмысы баяулап, адам шешім қабылдауда қателесе бастайды. Физикалық қозғалыс пен тыныс алуды ұштастыратын нейрожаттығулар жүйке жүйесін тыныштандырады. Ол ағзадағы стресс гормоны — кортизолдың деңгейін төмендетіп, эмоционалды тұрғыдан жинақы болуға көмектеседі
Ересек және егде жастағы адамдар үшін бұл жаттығулар — Альцгеймер немесе деменция (алжу) сияқты аурулардың алдын алудың таптырмас құралы. Миды үнемі жаңа әрі ерекше қозғалыстармен "жұмыс істету" арқылы біз оның жасару процесін ұзартамыз.
Нейрожаттығулардың ең үлкен артықшылығы — оған арнайы құралдың немесе көп уақыттың қажеті жоқ. Күніне небәрі 5-10 минут жұмсау арқылы мидың жұмыс өнімділігін бірнеше есеге арттыруға болады. Ми — шынықтыруды қажет ететін бұлшықет іспеттес, сондықтан оны күн сайын дамыту өз қолыңызда.