Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Несие тарихы деген не?

Банктерге несие тарихы туралы сұрап қоңырау шалатындар көп. Не- сие бойынша төлемді бір апта кешіктірсем, несие тарихым бүліне ме? «Не- сие тарихымды қайдан біле аламын?» Тіпті «Несие тарихы деген не өзі?» деп сұрайтындар да бар. Несие тарихы дегеннің не екенін білсе де, оған мән бермейтіндер тағы бар. Несие тари- хы деген не? Несие тарихы өмірбаян сияқты. Несиені алғаннан бастап, қайтарған күнге дейінгі аралықтағы барлық әрекетіңіз жазыла- ды. Оның ішінде несиенің ай сайынғы төлем уақытын кешіктірген, кешіктірмегеніңіз, кешіктірсеңіз, неше күн кешіктіргеніңіз не- месе несиені қайтарып-қайтармағаныңыз т.б. ақпараттар бар. Бұл ақпаратты сіз несие алған банк мәліметтер базасына жинап, Бірінші несие бюросына жібереді. Кейін несие алу қажет болып, бұрынғы немесе басқа банкке барсаңыз, менеджер Бірінші несие бюросынан рұқсатыңызбен несие тарихыңызды сұратады. Электрондық-сандық қолтаңбалары (ЭЦҚ) бар жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Қызмет алу құны жылына бір рет тегін, сол жылы қайта алсаңыз, әр алған сайын 400 теңге банктік төлем картасы арқылы төлейсіз. Қызметті онлайн алу үшін порталда авторланып, электронды –сандық қолтаңбаңызбен қол қойып, жеке кабинеттен қызметтерді алу тари- хынан өңделген анықтаманы 15 ми- нут ішінде аласыз. Қызмет «Салық және қаржы» тарауының «Эко- номика және қаржы» бөлімінде орналасқан. Сондай-ақ, Бірінші несие бюросының сайтынан да алуға болады.

ХҚКО Тараз қалалық №1 бөлімі Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы

0
0
935

Еще по теме

Несие тарихы деген не? - Yvision.kz