ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ 1,5 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Кездесу барысында штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасының аймақтарға арналған басым бағыттарын және «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысы жалғаса беретінін жеткізіп, партия – барлығы үшін ашық екенін айтты. Қызметкерлер оң бағаларын беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.
Отандық тауарлар өндірісін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар шикізатпен толыққанды қамтамасыз етіледі.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие халық тұтынатын тауарлар өндірісі артады.
Нәтижесінде, өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе өседі.





