“Өнер Микс”
“Өнер Микс”
«Арбат» жастар шығармашылық көрмесі, ол – қаламыздың тұрғындары, сондай-ақ қонақтарына арнап, мәдени демалыс пен ойын-сауық орындарын жасау; жастардың шығармашылығын дамыту мен оларды қолдау; жастардың өздік дарынын көрсету мақсатында әрі өз замандастарымен бөлісу үшін жағдай жасау.
Өткен демалыс күндері қаламыздың Орталық Жағалауында сан алуан жастар шығармашылығына толы, көңіл ашатын қызықты «Өнер Микс» мерекесі сәтті өтті. Көптеген вокалдық жанр өкілдері, сонымен қатар саксофон, гитарамен ән шырқалып, вокалды-инструменталды «Мафия» ансамблі және ішекті аспаптар дуэті «Candy» сахнада бой көтеріп, қала тұрғындары мен қонақтарға өз өнерлерін паш етті. Одан басқа, сахна жанында ойын-сауық ЛазерТаг спорт алаңы көрермен көзін қызықтырып, өздерімен бірге көңілді уақыт өткізуге шақырды. Көбі, «атыспақ» ойнаған балалық шақтарын ішкі күйзеліспен сағынады. Біреулері таяқшаны винтовка деп елестетіп, біреулері әкелері ағаштан жасаған мылтықтарымен қарсыласын жеңіліске ұшыратып жүрген кездері еске түседі. Бірақ, бақытымызға орай, мұндай әуесқойлық ойын қазірде жаңа көрініс тауып, ЛазерТаг спорттық сауықтырғыш ойынға айналып, үлкеннің де, кішінің де көңілінен шығатын болды. Іс-шараның осындай түрі қала тұрғындарының демалысына жағымды әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге, жастарды өз мүмкіндіктеріне көз шалдыртып, шығармашылық қадамға итермелейді.
