Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАРМЕН ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер азамат Серғазы Ақмұратов Қажымұқан ауылының өнегелі отбасыларының шаңырағына барып, канвассинг кездесуін өткізді. Жүзбе-жүз жүздесуде үміткер үй иелеріне «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп өтті. Үгіт-насихат үнқағаздарын таратып, ондағы ауданымызға қатысты жұмыстарды тізбектеді. Алдағы 5 жылда қандай істер жүзеге асатынын атап айтты.

Ауданымызға газ жүйелері тартылып, мектеп, мәдениет үйлері салынатынынан, жолдар жаңаратынынан, ауыз су, ағын су мәселелері түбегейлі шешімін табатынынан, ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысы, студенттер мен магистранттардың степендиясы өсетінінен, жұмыссыздық деңгейі азайатынынан хабардар болған үй иелері шын қуанып қалды. «Осыншама жұмыстарды атқаратын болса, неге «Nur Otan»-ға дауыс бермеске», — десті үй иелері.

0
0
155

Еще по теме

ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАРМЕН ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ - Yvision.kz