Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨНДІРІС САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӘДІЛЕТТІ, ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН

түсіндіру мақсатында ауданымыздағы сүт өнімдерін өндіретін өндіріс саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

📷 Кездесуде Сайрам аудандық штаб мүшесі Ғ. Медеуов, Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарды атап өтті. «-Шын мәнінде, халық пен мемлекет бір-бірінен бөле-жарып қарауға келмейтін – егіз ұғымдар. Сондықтан, мемлекет дегеніміз бұл – ортақ құндылықтары бар халық деген сөз. Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары – еліміздің тәуелсіздігі және жеріміздің тұтастығы. Сондай-ақ, халқымыздың терең тарихы мен салт-дәстүрі, жұртымыздың мызғымас бірлігі, отаншылдығы, еңбекқорлығы және отбасы құндылықтары»,- деген жолдарды келтірді.

📷Еркін пікір алаңында алдағы елімізде болатын және болып жатқан саяси реформалар төңірегінде сөз қозғауды жөн көрдік. Сондай-ақ, сіздерге Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы бірнеше бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көкейлеріңізде жүрген сауалдарға жауап беруге келдік, - деді үгіт-насихат тобының мүшесі А.Бақытжанұлы.

📷Сондай-ақ, Қ.Тоқаевтың «Бүгінгі таңда еңбек адамы – мемлекет дамуының, оның ішінде әлеуметтік құрылымдардың ең басты да маңызды бөлшегіне айналып отырғаны анық. Қарапайым жұмысшы мен адал еңбек жасап жатқан қарашаның мәртебесін көтеруге, оларды ел арасында насихаттауға басымдық беру жайы жиі айтылып жатқаны рас»- деді Ғалым Ділдәбекұлы жиын барысында.

📷Жиын қорытындысы бойынша үгіт-насихат тобының мүшесі Г.Ирискельдиев алдағы сайлауға белсене қатысып, баршаға теңқұқықты, Әділетті Қазақстанды құруға аянбай еңбек етуге шақырды.

📷Сайлаушыларға кандидат Қ.Тоқаев штабының жұмысын насихаттауға арналған сайт жөнінде ақпарат беріліп, электронды түрде ұсыныс пен тілек жіберу тәсілдері түсіндірілді. https://toqaev2022.kz/kk

#TOQAEV2022

0
0
188

Еще по теме