Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР БАЙҚАУ!

1 маусымнан 1 шілдеге дейін «Жұлдызға қара»-« Посмотри на звезды» жобасына қатысу үшін құжаттар қабылданады. Оны ұйымдастырушы- Құс Жолы қайырымдылық қоры. Жобаны Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Kazkom қолдап отыр. Мүгедектігі бар кәсіпкерлер өздерінің бизнестерін дамытуға 300 мың теңгеге дейін қайтарымсыз грантқа үміткер бола алады.

Аталмыш бизнес-ойлар байқауына 18 жасқа толған немесе асып кеткен, мүгедектік санаты бар (туа біткен немесе жүре пайда болған), белсеңді өмірлік жайғасымы бар, өзінің білімін, икемін, тәжірбиесін қоғамда және отбасында кәсіпкердігін жасауға бағыттағысы келетін, Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары қатыса алады.

Жоба шектелген физикалық мүмкіндіктері бар адамдардың өздерінің теңсіздіктерін бизнес-ойларын мақсатты дамытуға арналған гранттар арқылы кәсіпкерлікпен айналысу барысында еңсеру ұмтылысын қолдайды.

Өтінімдер 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін КҚО-да мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қ., Қажымұқан көш., 8 А, 1 қабат, №4 және №5 әйнекшелер, тел.: 87172559434.

Алматы қаласының «Даму» қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қ., Гоголь көш., 111, Наурызбай батыр көш. бұрышы, 1 қабат, оң қанат. Анықтама мына тел. арқылы: +7 (727) 244 55 66, ішкі 3110, 3116.

E-mail: [email protected], [email protected]

1 өтінімнің гранттық соммасы-300 000 теңгеден аспайды.

Өтінімнің үлгісін, оны толтыру тәртібін және құжаттардың толық тізімін www.damu-komek.kz және www.kuszholy.kz. Сайттарынан таба аласыздар.

     
0
0
508

Еще по теме