Наурыз мейрамы
Бұрыннан келе жатқан наурыз мейрамы барлығы үшін қуаныш. Яғни, біздер үшін Наурыз жыл жаңаруының символы, махаббат, құнарлық пен достықтың салтанаты.
Қазіргі уақытта Наурыз мейрамы көктемнің, еңбек пен бірліктің ұлттық мерекесі болды. Бүгінде бұл мереке көпұлтты қазақ жеріндегi барлық халықтарға бірдей қымбат. Ежелгі Наурыз мерекесі ежелгі дәстүрлердің сақталуын қадағалап, заманауи өмірде үлкен мерекеге айналғаны қай заман. Әрине мерекенің заманауи жоспары бұрынғы мазмұннан айтарлықтай ерекшеленді. Арнайы қайырымдылық акциялары, ағаштар отырғызу, саябақтар мен басқа демалыс орындарын, көшелер мен алаңдарды тазалау барысымен көрініс алады. Дегенмен де, барынша киіз үй тігіп, наурыз көжелерімiздi пісіріп, ұлттық нақышта өткізуге тырысамыз. " Наурыз көже қалғанша, жаман қарын жарылсын!"демекші, біздің көжені қазақ халқы ғана емес, өзге ұлттар да таласа ішетіні рас. Тіпті, үйлерінен жеті қоспамен жасалынатын көженің иісі мүңкiп тұрады. Наурыз мейрамы тек қазақтар үшін емес, қазақстандықтар үшін де үлкен той екенін ескере кетейік.
Жастардың да бұл мерекеге көз қарастары оңтайлы. Әрбір оқу мекемелері өздерінше өзгеше өткізуге тырысады. Ұлттық киім мен ұлттық ойындарды өткізу арқылы жастардың қызығушылығын арттыруда. Сонымен қоса, 2009 жылғы 30 қыркүйекте Наурыз мейрамы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының өкілдік тізіміне енгізілген болатын, сол кезден бастап 21 наурызда Халықаралық Наурыз мейрамы деп жарияланды. Осы жылы қуанышымызға орай, үш күн емес, бақандай бес күнді Наурыз мейрамына арнаймыз. Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Үлкен мерекені асар салып тойлап, жаңа жылдың жанары мен арманын асқақтата берейік!
