Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

НАУРЫЗ МЕЙІРІМДІЛІК ЖАРШЫСЫ

Ұлыстың ұлы күнін Казталов ауданының халқы ерекше форматта атап өтті. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға сай Наурыз мейрамы қайырымдылық шаралары мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау бағытында шағын көлемде атап өтілді.

Күн ұясынан шығып, күллі әлем ұйқысынан оянған шағында кейбір шаңырақ иелері қайырымдылық пен мейірімділіктің куәсі болды. Ұлыстың ұлы күнінде аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, Казталов ауылдық округінің әкімі Арман Ғалымов, Казталов аудандық мәслихатының депутаттары, ауданымызға белгілі өнер майталмандары бірнеше отбасыға мерекелік азық-түлік себеті - «Наурыз қоржын» табыс етіп,әуезді әнмен мерекелік көңіл күй сыйлады. 20 отбасыға үлестірілген "Наурыз қоржын" қайырымдылық акциясына аудандық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер қолдау көрсетті.

Наурыз ізгілік пен кеңпейілділіктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың жаршысы іспеттес. Осынау ұлық мерекеде әлдекімнің жүзіне қуаныш сыйлау сауапты іс. Мұндай бағыттағы қайырымдылық шаралары тек Наурыз мейрамында ғана емес өзге де мейрамдарда жалғасын таба бермек.

0
0
137

Еще по теме

НАУРЫЗ МЕЙІРІМДІЛІК ЖАРШЫСЫ - Yvision.kz