НАСИХАТТЫҚ КЕЗДЕСУ
Бүгін "Nur Otan" партиясы Арыс қалалық филиалының сайлауалды штаб мүшелері қаладағы әйелдер кеңесінің мүшелерімен насихаттық кездесу өткізді.
Кездесуде сайлауалды штаб мүшелері Партияның Арыс қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында көзделген қаланы дамытудың негізгі басым бағыттарымен таныстырды.
Жиында сөзін сайлауалды бағдарламада жоспарланған сүйінші хабардан бастаған қалалық сайлауалды штаб басшысы Б.Ділдәбеков:
- «Nur Otan» партиясының басты бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.
Қаланы газбен жабдықтау Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Табиғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыру кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы алдағы уақытта:
2022 жылға дейін 240 шақырым газ құбырын тартуға (қала тұрғындарын 99,6%-ға қамтиды);
2025 жылға қарай 32-і елді мекеннің 26-сын көгілдір отынмен қамтуға ықпал ететін болады.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай қала және ауыл тұрғындарының 98,2%-ы көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі-деп атап өтті.
Жиын соңында Арыс қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы М.Рахымжанова әр бес жылда елімізді сүбелі жетістіктерге жеткізіп келе жатқан "Nur Otan" партиясының жұмысына сәттілік тіледі.
