Перейти к содержимому
Обложка сообщества Политика

Началось выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на церемонии инаугурации

Президент: «Этот год был особенно важным для нашего народа. Казахстан вступает в новую эпоху своего развития. Инициированные нами масштабные преобразования положили начало коренным переменам. Осуществлена конституционная реформа. Всесторонне обновлены все сферы государственной жизни. Благодаря этим изменениям крепнет вера народа в светлое будущее. В этом я убедился лично во время поездок по регионам и встреч с гражданами. Прошедший референдум продемонстрировал всеобщую поддержку новых инициатив. Стремление казахстанцев к позитивным изменениям придало мощный импульс нашей работе. Мы непременно доведем начатые реформы до конца. Согласно новым конституционным нормам, Президент избирается на один срок продолжительностью семь лет. Это откроет дорогу к власти новому поколению политиков. Уверен, это правильное решение»

«В соответствии с требованиями Конституции, предстоит кардинальное обновление всех ветвей власти. Президентские выборы открыли новый политический сезон. Избирательная кампания продлилась около трех месяцев. За этот период высказывались разные мнения, состоялись содержательные дискуссии о будущем нашей страны. Граждане показали неравнодушное отношение к своему будущему. Стало очевидным, что гражданское общество стало полноценным институтом. На политической арене появились новые личности. 20 ноября народ сделал свой выбор. По оценке наблюдателей, экспертов и журналистов выборы прошли справедливо и открыто. Особенно высокой была активность народа. Некоторые граждане приходили на избирательные участки целыми семьями. Прошедшая кампания показала, что интересы страны объединяют всех нас. Во все времена у наших предков единство народа было превыше всего. Мы продемонстрировали миру, что являемся современным и цивилизованным государством и храним верность пути наших отцов и дедов. Таким образом, мы вновь доказали силу нашего единства»

«На этих выборах соотечественники убедительно поддержали меня. Доверие народа – это самая высокая ценность, которую невозможно сравнить ни с чем. Итоги выборов я расцениваю как поддержку моей политической платформы и мандат доверия на реализацию планов на предстоящий период. Возглавлять страну, пользуясь всенародной поддержкой, – это высокая честь и колоссальная ответственность. Расцениваю это как уникальную возможность в предстоящие семь лет исполнить свой долг перед нынешним и будущими поколениями. У казахов есть благородное понятие «аманат» – завет. Доверие народа – это вверенный мне аманат. И исполнить его – мой священный долг. Я приложу все усилия для того, чтобы оправдать доверие народа и превратить Казахстан в процветающее и благополучное государство»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсіміндегі сөзі басталды

Президент: «Биыл халқымыз үшін айрықша маңызды жыл болды. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Біз түбегейлі бетбұрысқа жол ашқан ауқымды өзгерістер жасадық. Конституциялық реформаны жүзеге асырдық. Мемлекетіміздің ең басты салаларын жан-жақты жаңғырттық. Соның арқасында халықтың болашаққа деген үміті артып, сенімі нығая түсті. Мен аймақтарды аралап, тұрғындармен кездескенде бұған айқын көз жеткіздім. Сондай-ақ, өткен референдум тың бастамаларды жұртымыздың жаппай қолдайтынын көрсетті. Халықтың дұрыс бағыттағы өзгеріске ұмтылысы жұмысқа зор серпін берді. Біз реформаларды соңына дейін міндетті түрде жеткізуіміз қажет. Конституцияның жаңа талабына сәйкес, бұдан былай Президент жеті жылдық бір мерзімге ғана сайланады. Осылайша, саясаткерлердің жаңа буыны билік басына келе бастайды. Мен осы шешімнің дұрыс болғанына кәміл сенемін»

«Конституцияға сәйкес билік тармақтары түгел жаңғыртылады. Осындай жаңа саяси маусымды Президент сайлауы бастап берді. Сайлау науқаны 3 айға жуық уақытқа созылды. Осы кезеңде еліміздің болашағы туралы түрлі мазмұнды пікірталастар болды. Жұртымыз өз болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Азаматтық қоғамның кемел институтқа айналғаны айқын аңғарылды. Саяси алаңға жаңа тұлғалар шықты. Осылайша, халқымыз 20 қарашада өз таңдауын жасады. Сайлау әділ әрі ашық өтті. Бұл – байқаушылардың, сарапшылар мен журналистердің берген бағасы. Ел-жұрттың белсенділігі ерекше жоғары болды. Кейбір азаматтар бүкіл отбасымен келіп, дауыс берді. Бұл науқан ел мүддесі үшін ұлт болып біріге алатынымызды көрсетті. Бабаларымыз қай заманда да бірлігін бәрінен биік қойған. Біз ата жолын сақтай білген, заманауи және өркениетті ел екенімізді бүкіл дүние жүзіне паш еттік. Бірлігіміздің бекемдігін тағы да дәлелдей алдық. Осы сайлауда жұртымыз маған зор сенім білдірді»

«Шын мәнінде, ел сенімін еш нәрсемен өлшеу мүмкін емес. Халықтың сенімі – ең құнды нәрсе. Сайлау нәтижесін халқымыздың саяси бағдарыма – бағасы, алдағы жоспарыма – батасы деп қабылдаймын. Халқының қолдауына ие болып, ел тізгінін ұстау – ер азамат үшін ең биік мәртебе әрі орасан зор жауапкершілік. Алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышымды өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп білемін. Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын»

t.me/bort_01

0
0
708

Еще по теме

Началось выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на церемонии инаугурации - Yvision.kz