N2 МГӨБ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Маңғыстау облыстық және Жаңаөзен қалалық сайлауалды штаб мүшелері Е.Отеев,Ж.Саймағамбетов,М.Кульбеков,К.Базылов,Ж.Мұханбетқалиқызы N2 Мұнайгазөндіру басқармасының ұжымымен кездесті.
Ұжыммен мәжіліс залында кездесу өткізіп, партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын таныстырды. 7 басым бағытқа кеңінен тоқталып, алдағы сайлауда белсенді ат салысып, дауыс беруге шақырды.
Кездесу барысында түскен сурақтарға сол жерде жауаптар берілді.


