НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ V СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ
Қазақстанның кемел болашағы еліміздің жігерлі, рухы биік жастары.
Елімізде «Jas Otan» жастар қанатының жүзеге асқанына 20 жыл толды. Осы ретте, V сьезге қатысқан Елбасы жастар қанатының мүшелерін «Jas Otan»-ның 20 жылдық мерейтойымен және келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Онлайн форматта өткен кездесуге республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған белсенді жастары қатысты. Павлодар облыстық «Nur Otan» партиясы филиалына өңіріміздің 55 делегаты қатысты. Олар әр сала мамандарының иелері, өз мамандықтарының көшбасшылары. Құлшынысы зор, елге деген сүйіспеншілігі мол жастар әрдайым алдынғы сапта. Алға қойған мақсаттары айқын, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне білген тұлғалар. Онлайн кездесуде елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға елін, тілін, дінін құрметтеуге шақырды. Әрдайым туған жерінің патриоты болуын, Отанымыздың болашағы бүгінгі күннің ұрпағына тікелей қатысты екеніне тоқталды. Бабалар қол жеткізген игілікті сақтап, заман талабына сай даму қажеттілігін алға тартты. «Nur Otan» партиясының Төрағасы жастар қанатының мүшелеріне пандемия кезіндегі қайырымдылық шараларына және волонтерлік қызметке белсене атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді. Кездесу соңында «Jas Otan» жастар қанатының басты әуенінің тұсауы кесілді.
