Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

НҰР-СҰЛТАНДА «ТУҒАН ЖЕР» ПАТРИОТТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛЕДІ

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Дельфий Комитеті, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізген «Туған жер» патриоттық шығармашылық республикалық фестивалі жақында өз мәресіне болатын.

Патриоттық фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 14 пен 29 жас аралығындағы жас авторлар бақ сынады.

Жобаға тоқталатын болсақ, оған қазақстандық авторлар, сондай-ақ, патриоттық тақырыпқа авторлық туындыларды орындайтын шығармашылық ұжымдар «Орындаушылық шығармашылық» (вокал, аспапта ойнау, хореография) және «Көркем шығармашылық» (бейнелеу өнері, бейнеконтент, фотосурет) аталымдары бойынша қатысты. Соның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласынан бақ сынаған жас дизайнер Гүлжиян Қадыр «Көркем өнер» аталымы бойынша қатысты. Этно стильдегі жастар киімін ұсынған жас сәнгер оза шауып, 1-орынды жеңіп алды.

Бірінші айналымның жұмыстары желі қолданушылары өздеріне ұнаған қатысуға дауыс бере алатын жобаның әлеуметтік желілерінде жарияланды. Осылайша, халықтық дауыс беру нәтижесі арқылы 80 финалист айқындалды.

Байқаудың ақтық сынында қазылар алқасының мүшелері 1, 2, 3 орын лауреаттарын анықталды, жеңімпаздарға Қазақстанды еліміздің Ұлттық Дельфий құрамасы құрамында Қазақстанның атынан қатысу құқығы беріледі.

Ертең Нұр-Сұлтан қаласында Бараев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан "Zeken" сән үйінде түсірілім өтеді.

0
0
287

Еще по теме

НҰР-СҰЛТАНДА «ТУҒАН ЖЕР» ПАТРИОТТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛЕДІ - Yvision.kz