Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«НҰР АҚТӨБЕДЕГІ» 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАЙДЫ

" №1 «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданындағы мектеп қашан аяқталады? Әлі бітпейтін тәрізді",-деп сұрады Анар есімді оқырман.

Гүлмира Тәңірбергенова желіде білім беру саласысының жағымды жаңалықтарымен бөлісіп, Nur Otan партиясының қалалық сайлауалды бағдарламасына сүйеніп оқырман сауалына жауап берді.

- 2021 жылы №1 «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданындағы 900 орындық мектеп құрылысы аяқталады. Бұл дегеніміз сіздер үшін жағымды жаңалық. Сонымен қатар, тек сол аудандағы емес 2022-2023 жылы Нұр Ақтөбе №3 ш/а 900 орындық мектеп құрылысын салу жоспарланып отыр. Жыл сайын 15-тен астам мектептер мен балабақшалар күрделі жөндеуден өтетін болады. Сіздерге қосымша ретінде айтып өткім келеді. 2021 жылы – 15, 2022 жылы – 16, 2023 жылы – 17, 2024 жылы – 17, 2025 жылы – 18 мектептер мен балабақшаларға күрделі жөндеу жүргізілетін болады,-деді үміткер Гүлмира Тәңірбергенова.

Бұдан бөлек қалалық депутаттыққа үміткер Бахыт Молдагереева, Райса Байлиева, Мира Балтымова, Айгүл Арынғазиева да жеке парақшаларындв білім саласына қатысты қойылған сауалдарға жауап берді.

Айта кетейік, онлайн форматтағы "Кандидатқа сұрақ қойыңыз!" акциясы әр апта сайын жалғасатын болады. Ақтөбеліктер өздерінің мазалаған сұрақтарына әлеуметтік желі арқылы жауап алады

0
0
112

Еще по теме

«НҰР АҚТӨБЕДЕГІ» 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАЙДЫ - Yvision.kz