Мьянма мен Лаоста 100-ге жуық қазақстандық құлдықта қалып отыр - СІМ
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, соңғы екі жылда Тайландпен шекаралас елдер аумағында 200-ге жуық отандасымыз құлдықта болған.

Фото: paikea.ru
"Соңғы 2 жылда Тайландпен шекаралас Мьянма және Лаос аумақтарында 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскені мәлім. Елшіліктің жәрдемімен аталған елдердің аумағынан 28 азамат шығарылды. Айта кету керек, 60-қа жуық отандасымыз елшіліктің көмегіне сүйенбей, Қазақстанға өз еркімен оралған. Қазір бізде бар ақпаратқа сәйкес, аталған елдер аумағында 100-ге жуық қазақстандық құлдықта қалып отыр", - деді Айбек Смадияров.