Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Музейге саяхат.

МУЗЕЙГЕ САЯХАТ

Бүгін Ақтаулық Жас Отандықтар қала сыртындағы «Еңбек даңқы» мұражайына саяхат жүргізіп Ақтау қаласының құрылу тарихымен қатар құрылысшылардың еңбектерімен танысып келді. Іс-шара Ақтау қаласының 55-жылдығына орай өткізіліп «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы Ардагерлер тобының мүшесі Шошақов Марат мұражай экспанаттары мен таныстырды. Мұражай құрылымы 4 бөлімнен тұрады, мұражай іші Ақтау қаласының тарихы туралы және сол жылдарда қандай дарежеде болғандығы көрсетіледі. Жастар қаланың қалай бой көтеріп бастағаны және қандай жетістіктерге жеткенін музейдегі экспанаттар арқылы көрді. Сондай ақ қала құрылысына ат салысқан еңбек ардагерлері мен қала басшыларын да таныды.

Осы сәтті пайдаланып, қала жастарын музейдің тыныс тіршілігімен танысуға шақырамыз. #Ақтау #ЖасОтан #Ардагерлерұйымы #ЖастарОтанға #Музей #естелік #Тарих

0
0
916

Еще по теме

Музейге саяхат. - Yvision.kz