Мунайлинском районе в сельском округе Баскудык открылся 16-й общеобразовательной средняя школа
📷”ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР”
Маңғыстау облысында жол картасының орындалысы аясында түрлі әлеуметтік нысан бой көтерді. Соның бірі - Мұнайлы ауданынының Басқұдық ауылдық округіндегі 16 жалпы білім беретін орта мектебі.
Мектеп құрылысы аяқталысымен өзге мектептерге үшінші ауысымға қатынап оқитын 1383 оқушы өз үйлеріне жақын жердегі мектепке орналасты. Жаңа білім ошағы аудандағы 3 мектептегі үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ жол картасы аясында 38 мыңға жуық халқы бар Басқұдық ауылдық округінен тағы да 1200 орындық мектеп салынып жатыр.


