Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Мультфильмдер зиян дегенге сенесiзбе?

Қазіргі кезде кез-келген ата-анаға баласын теледилардың алдына отырғызып,мультфильмді қосып беру еш қиындықты туғызбайды. Сонымен қатар осылайша олар баланы жұбатып, өздеріне кедергі келтіруден алып қалады. Бірақ, осы мультфильмдер балаларға пайдалы,  яғни қызықты жаңалықтарды ашуға көмектеседі деген дұрыс па?
  Ешбір мəселені бір жақты  қарастыруға болмайды дегендей,  мультфильмдерде пайданы ғана емес,  сонымен қатар зиянды да алып келе алады. Осы келтірілетін зиянды екіге :физикалық жəне психикалық түрлерге бөлуге болады.  
    Денсаулыққа тоқталсақ, ең бірінші орынға көзге жəне омыртқаға түсетін салмақ шығады. Егерде кішентай бала теледидарды тым ұзақ,тым жақын жəне осыған қоса бейненің сапасы төмен болса, көз қатты шаршаған түгіл көруі нашарлайды. Үш жасқа дейінгі балаларға қара-ала фильмдерді көру ұсынылады.
   Ынғайсыз қалыптар омыртқаның қисаюына,иық буындарының бұзылуына жəне басқа ауруларға əкелуі мүмкін. Сондай-ақ,  бас аурулары,шаршау,тым қатты тітіркенушілікте ұзақ уақыт мультсериалдардың əсерінен болуы мүмкін. Бұдан басқа,  бала тек жақсы емес, жаман мінез-қылықтарға үйренуі мүмкін:агрессия,қызғаншақтық,жеккөрулік жəне тағы басқа.
  Теледидардың алдында көп отырмауға тырысыңыз жəне балаларыңызды да қадағалаңыз.
Дерек көздерi:http://nashidetki.net/vospitanie-detej/vred-i-polza-multfilmov.html

0
0
959

Еще по теме

Мультфильмдер зиян дегенге сенесiзбе? - Yvision.kz