Мухамедьяев Алмаз Есенгельдыевич
Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы «Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын?» деп айтқан екен. Бұл ұлағатты сөздерден тәрбиенің ата-анаға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты екендігін көреміз. «Отан отбасынан басталады» дегендей адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Барлық адамгершілік, асыл қасиеттер де отбасында беріліп, қоғамда өз орнын табуына жол ашады.
Мен Астана қаласында дүниеге келдім, орта мектепті аяқтап, еңбекке араластым. АҚШ-та Техас штатында бизнес-менеджмент бойынша орта арнайы білім алдым. Қазақ экономикалық университетінде оқып, экономист мамандығы бойынша бітірдім. Қазіргі таңда әкемнің ісін әрі қарай жалғастырып, егіншілікпен айналысамын.
Менің әкем Битаков Есенгелді 1994 жылы шаруа қожалығын, 2004 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашып, астық дақылдарын егумен айналысқан, еліне сыйлы, беделді азамат еді. Әрқашанда жүрегі жомарт, жаны жайсаң әкеміз қысылып келгендерге қол ұшын созып, көмегін аямайтын. «Нан болса, ән де болады» деген сөзді ұстаным етіп, бізді еңбекқор, адал болуға шақыратын. Көз қорқақ, қол батыр дегендей, ештеңеден қорықпай, өз ісіңді бастап, төзімділік пен табандылық танытсаң, мұратқа жетесің дейтін.
«Әке – асқар тау», - деп бекер айтылмаған, бізге жол нұсқап, ақыл-кеңесін аямаған әкемнің осы қағидаттарын алға қойып, оның бастаған ісін жалғастыру жолындамын. «Айям-7» ЖШС-де бидай, арпа және майлы дақылдар егумен айналысамын. Алдағы уақытта мал шаруашылығын дамытып, мал бордақылау алаңқайларын ашуды жоспарлап отырмын. Сонымен қатар егістік алқаптарын да ұлғайтып, жұмыс орындарын көбейткім келеді.
Ауылдастарымның тұрмыс-жағдайын арттыру үшін де күшімді саламын. Бүгінгідей өркениет дамыған заманда ауылдықтардың тұрмыс сапасы да жоғары, игілікті болуы керек деп санаймын. Өз халқыңның алғысына бөленіп, өзіңнен кейін жақсы із қалдыру елім деген азаматтың парызы деп білемін.
Қазіргі уақытта біз болашақ туралы ойлануымыз керек, қоғамға пайдалы істермен айналысып, өз еліңе қызмет етіп, еңбегіңнің нәтижесі мен жетістігін көру маңызды деп ойлаймын.
Әр адамның өмірінде ақиқаттың осындай сәті келеді, ол өзіне сұрақ қоюы керек: "Мен не үшін өмір сүремін?"және" Мен өз Отаным үшін не істей аламын?». Борыш пен азаматтық жауапкершілік сезім жай сөзбен ғана емес, әркімнің санасында қалыптасып, нақты істер мен іс-әрекеттермен расталуы керек.
Маған праймеризге қатысуға ұсыныс жасалған кезде, мен бірден келістім, өйткені бұл өзімнің патриотизмімді және азаматтық позициямды көрсетудің тамаша мүмкіндігі екенін түсіндім және барынша көп дауыс жинап, бұған көзім жетті.
