«Мойыма, бекем бол Жапония!» - GAN-BA-RAY Japan!»
Қымбатты достар!
Біз жойқын зілзала мен цунамиден зардап шеккен жапон халқын қолдау шарасын бастаймыз.
Жапон халқының рухы берік, жігері мол халық екені баршамызға белгілі. Бұл сұмдық апатты олардың еш мойымай, сабырмен қарсы алғанын көрдік және Күншығыс елінің тұрғындары алапат апатты аман-есен өткеретініне сенеміз.

Біз білеміз, біздің – қазақстандықтардың арасында Жапония үшін жаны ауырмаған жан жоқ. Өйткені, біздің еліміз де бір кездері Жапония сияқты сұмдық ядролық жарылыстар мен сынақтарды басынан өткерген.
Сондықтан, біз, «Хабар» Агенттігі» өзіміздің әрбір көрерменімізден сұраймыз – Жапон халқына бірге қолдау көрсетейік!
Біздің шара - GAN-BA-RAY Japan деп аталады. Мағынасы – «Мойыма, бекем бол Жапония!»

Біз Сіздерге, өз көрермендерімізге жапон халқын қолдау мақсатында түсірген FLV форматындағы видеороликтерін жазып, бізге жіберулерін өтінеміз. Дайын роликтерді біздің FTP-серверімізге жіберіңіздер: khabar.kz логин: khabarkz пароль: khabarkz
Өздеріңіздің жапон, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде айтылған жүрекжарды тілектеріңізді де қоса жіберіңіздер.
GAN-BA-RAY Japan – Мойыма, Жапония!
Біз Сіздермен біргеміз!