МОНИТОРИНГТІК ТОП ДҮКЕНДЕРДІ АРАЛАДЫ.
Құрамында аудан әкімінің орынбасары Б.Меңешов, аудандық мәслихат хатшысы Л.Қайырғалиева, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы И.Құрмашев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығының бөлімінің бас маманы Е.Нүркенов және айқын ауылдық округінің әкімінің Н.Омарова бар арнайы мониторингтік топ Сайқын ауылында орналасқан азық-түлік дүкендерін аралап, ондағы бағалар мен қажетті қордың сақталуына бақылау жасады.
