Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Модельер-конструктор

Мен  Рахымжанова Сағыныш  Алматы  мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің бірінші курс студентімін.

Мен  2016 жылы осы колледжге оқуға түстім.Осы колледж туралы таныстарым арқылы білдім.Таңдаған мамандығым «Тігін өндірісі және  киімдерді үлгілеу».Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің сайтына кіріп көптеген мәліметтер алдым.Колледж студенттері мен оқытушыларының жетістіктерін көріп,қателеспегенімді түсіндім.Колледж заман талабына сай жабдықталған,білімді де білікті ұстаздар сабақ береді.Колледждің бұрыннан қалыптасқан  өз  дәстүрлері бар.Колледжде мерекелік  іс-шаралары  қалалық деңгейде  өткізіліп тұрады.Колледж студенттері  де әртүрлі жарыстарға өте белсенді қатысып,үнемі  жүлделі орындарға ие болады.Біздің колледжде  дарынды балалардың білімдерін дамытып,жақсы  нәтижеге көрсете білу,әртүрлі жетістіктерге жету үшін,жеке тұлға болып қалыптасуына барлық жағдай жасалынған.Ұстаздар да бізге ақыл айтып көмектесуден жалықпайды.Колледжде ұлттық аспаптар оркестрі,әншілер,бишілер, студенттік сән теард  да бар.Маған  бұл колледжде   ұнайтын жер  кітапхана мен  жылыжай.Біздің колледждің болашағы өте зор.

0
0
595

Еще по теме

Модельер-конструктор - Yvision.kz