ҚҰМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ.
Бүгін "Nur Otan" партиясы Созақ аудандық филиалының үгіт-насихат жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бимырзаева Таңсық Қабаққызы Құмкент ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткер ауыл тұрғындарына партияның алдағы бес жылға жоспарланған бағдарламасымен таныстырды. Сайлаушылар тарапынан түскен ұсыныстар мен пікірлер назарға алынды.
2021 жылы 10 қаңтарда өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында бір ауыздан "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
