Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚҰМКЕНТ АУЫЛДЫҚ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Аудандық партиялардың үгіт-насихат жұмыстары жалғасын табуда. Аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Созақ ауданы бойынша тіркелген партия өкілдерімен Құмкент ауылдық округіне қарасты Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясында және Қызылкөл елді мекенінің ауылдық клубында халықпен кездесу өткізілді. Аталған кездесуге 'Nur Otan', ' Ақжол', 'Ауыл' партияларының өкілдері қатысты. Барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және алға қойған мақсаттарға жетуді күтуде. Осыған орай 'Nur Otan' партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бимырзаева Таңсық Қабаққызы тұрғындарды мазалайтын мәселелерді шешу, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында жұмыс жасайтынын, Қазақстан Республикасының 'Nur Otan' партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасындағы 17 басымдығы мен Созақ ауданы бойынша 'Nur Otan' партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 7 басты басымдық бойынша партия бағдарламасымен таныстырды. Құмкент ауылдық округіндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетуге уәде етті. Жиын барысында аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Ізбалаев Бекберген сөз алып, халықтың өздерінің жүрек қалауларымен сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

# Nur Otan Sozaq #

0
0
154

Еще по теме

ҚҰМКЕНТ АУЫЛДЫҚ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz