ҮМІТКЕРМЕН ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
«Nur Otan» партиясы Күршім аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Потанина Надежда Александровна инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тұрғындармен «Кандидатқа сұрақ қой» атты онлайн кездесу өткізді. Тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алып, үміркерге сәттілік тіледі. Осындай кездесулер барысында партияның бағдарламасы мен мақсат-міндеттерің талдап, үміткер оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
