ҮМІТКЕРЛЕР ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
10 қаңтар жергілікті мәслихат және мәжіліс депутаттарына таңдау жасайтын күн. Ол күнге дейін әрбір үміткер жергілікті жерлерде тұрғындармен жүздесіп, пікір алмасады.
Бүгін «Nur Otan» партиясынан ұсынылған үміткер Ералы Жумадилов Мырзакент кентінде тұрғындармен кездесті. Жүздесу барысында билік пен бұқараның арасын байланыстырып, алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басымдықтарымен таныстырып, артықшылықтарын айтты. Партияның алғаш құрылған күнінен ел игілігі үшін атқарған негізгі жұмыстарына тоқталды.
«Біздің мақсатымыз – өзге партияларды немесе үміткерлерді қаралау емес, өздеріңізбен біргелікте қол жеткізген жетістіктерімізбен бөлісу. Алдағы уақыттарда да сіздердің қолдауларыңызбен халықтың мүддесіне еңбек ету. Кезінде болашағына күмәнмен, күдікпен қараған әлемнің көптеген елдері бүгінде бізбен санасатын болды. Әлемдік аренада еліміздің өзіндік орынға ие болуында Тұңғыш Президентіміз, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі орасан» деді өз сөзінде Ералы Жумадилов.
Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізген жиын барысында үміткер тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
