Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮМІТКЕРЛЕР СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

«Nur Otan» партиясынан Түркістан облыстық және Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер С.Қыпшақбаев, Е.Исақұлов, З.Досанбаева, С.Саипов, С.Тұрғараев, Ж.Жансеитова Сарапхана ауылында спортшылармен кездесті.

Кездесуде партияның облыстық және аудандық сайлауалды бағдарламаларын насихаттау бойынша үгіт жұмыстарын жүргізді.

Бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасау бағытына кеңінен тоқталып, партия алдағы бес жылдағы жұмысында халықтың денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортқа тартуға белсене атсалысатындығын, бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- 4 денешынықтыру-сауықтыру орталықтарын салуға, соның ішінде:

- Дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-колледж-интернаты және Түркістан қаласындағы жоғары спорт шеберлігі мектебі;

- Облыстық медициналық және физикалық диспансер;

- Бассейні бар спорт сарайы және 7000 орындық стадион;

- Олимпиадалық резерв мектептері және теннис орталығы.

- 1 мұз айдыны, 10 толыққанды алаң, ипподром құрылысын аяқтауға;

- «Ауыл ел бесігі» жобасы бойынша 3 спорт нысанын күрделі жөндеуін аяқтауға;

- Түркістан қаласындағы А.Нұрмаханов атындағы олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебін қайта құру және 320 орындық қосымша ғимарат салуға ықпал ететіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, үміткерлер, бұл бағытта аудан аумағында атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтті.

«Nur Otan» партиясы 2025 жылы ауданда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 26%-ға жеткізуді көздейді. Бұл үшін:

- Қызылқия аулынан МЖӘ аясында спорт кешенінің құрлысы салуға;

- Жаңабазар ауылындағы «Жігер» спорт кешенін күрделі жөндеуден өткізуге;

- Тұрбат ауылында демеушілер есебінен күрес залын салуға;

- жалпы спорттық шаралар өткізуге;

- жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;

- ұлттық спортты дамытуға (80 аудандық, 24 облыстық, 11 республикалық әр түрлі іс-шаралар өткізу: ұлттық спорт түрлері, қазақша күрес, ауыр атлетика, тоғызқұмалақ, бокс, фудбол, еркін күрес, дзюдо) ықпал етеді.

Нәтижесінде денешынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейі 42%-ға жететіндігі жоспарланып отырғандығын айтып өтті.

Кездесу соңында, еріктілер тарапынан үгіт-материалдары таратылып, жиынға қатысушалрды 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда,

«Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
130

Еще по теме

ҮМІТКЕРЛЕР СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ. - Yvision.kz