Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮМІТКЕРЛЕР САЙРАМ ЖӘНЕ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Қиындықты еңсеріп жеңіске бірге жетеміз» деп ұрандатқан NurOtan-тар қаламыздың әрбір тұрғынына партияның сайлау алды бағдарламасын кеңінен түсіндіруде. Осы орайда бүгінгі үгіт-насихат жұмыстарының 5-ші күні Сайрам тұрғын алабынан басталды. Онда Парламент мәжілісіне үміткерлер Берік Оспанов, Жадыра Танатарова, Фахриддин Қаратаев және Шымкент қалалық маслихаты депутаттығына үміткер Бекайдар Түлегенов сонымен қатар қоғам қайраткері Сәкен Майғазиев тұрғындарға NurOtan партиясының сайлау алды бағдарламасын кеңінен түсіндірді. Кездесуде тұрғындар елді мекендегі алаңдатқан мәселелерінің сұрақтарына жауап алды. Бұдан соң үміткерлер Шымкент қалалық NurOtan партиясының ғимаратында Абай ауданының тұрғындарымен кездесуін жалғастырды. Жиында сөз алған қала тұрғындарын инфроқұрлым, қоғамдық көлік мәселесі, электр жарығы, сонымен қатар жол мәселесі алаңдататынын жеткізді. Өз кезегінде үміткерлер аталған ұсыныстардың барлығы NurOtan партиясының сайлау алды бағдарламасында бар екенін жеткізіп, алдағы 5 жылда кезең кезеңімен шешілетінін айтты. Айта кетейік, Шымкент қаласының сайлау алды бағдарламасы да праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды. Нақтырақ айтқанда қала тұрғындарынан келген 685 ұсыныстың 98 пайызы NurOtan партиясының сайлау алды бағдарламасының негізі бағытарының біріне айналды. «NurOtan» - нақты істер партиясы! «Қиындықты еңсеріп жеңіске бірге жетеміз»

«NurOtan» партиясының баспасөз қызметі....

0
0
202

Еще по теме

ҮМІТКЕРЛЕР САЙРАМ ЖӘНЕ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz