ҮМІТКЕРЛЕР САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҮЙІНДЕ БОЛДЫ
10 қаңтарда қазақ елі тағы бір үлкен тарихи таңдау жасап, саяси өмірінде тарихи дамудың даңғыл жолын айқындайды. Осы күні Мәжіліс пен жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттары сайланатын болады. Бүгінде сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліс пен облыстық, аудандық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер жер-жерлерде тұрғындармен кездесуде. Партияның Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ұлжанат Жұрымбетова, Түркістан облыстық мәслихатына үміткер Өмірзақ Мелдеханов пен Садулла Қалыбеков, Жарқынбек Қанаев Мырзакент кентінің тұрғыны Эльдар Қазыбековтың шаңырағында болды.
Канвассинг аясында өткен кездесуде кандидаттар елдегі саяси күштердің көшбасында тұрған «Nur Otan» партиясысының тәуелсіздік алған жылдың алғашқы сәттерінен бастап елдің экономикасы мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысып келе жатқанын айтып, саяси додада қолдау білдіруге шақырды.
Жаһандық пандемия кезінде де қайырымдылық шараларынан қалыс қалмай, гуманитарлық және материалдық, қаржылай көмек беріп келген партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сайлаудағы дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу соңында еңбек ардагері үміткерлерге батасын беріп, жеңіс тіледі.
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
