Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮМІТКЕРЛЕР ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Мақтаарал аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Алданияз Жолдасов пен Айгүл Ахментаева Мырзакент кентіндегі аудандық орталық кітапханада аудандағы көпбалалы аналармен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесу барысында батыр аналар баспана мәселесін қозғады. Үміткерлер өз кезегінде мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтылатын азаматтардың санаттарын, қажетті құжаттарын түсіндірді.

Электронды форматта өткен кездесу барысында кандидаттар тұрғындар тарапынан айтылған бірқатар мәселелерді талқылап, құқықтық кеңестерін берді.

0
0
105

Еще по теме

ҮМІТКЕРЛЕР ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ - Yvision.kz