ҮМІТКЕРЛЕР КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
ҮМІТКЕРЛЕР КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев және Сәбира Сүндетова «Nur Otan» партиясының Бөрлі ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасына негізделген алдағы бес жылдықты қамтитын жоспарларына жекелей тоқталды. М.Құлшар халықтың қай сала қызметіне қолжетімділігі, бұқараны қамтитын қоғамдық шаралары, ауылдарды жоғары қызмет сервисімен қамту, ауруханалар мен мектептерге күрделі жөндеу жүргізу, ауылішілік тас жолдарды қалыпқа келтіру, жарық үнемдегіш шамдарды орнату, жалпы ауылға жасалар үлкен бағдарламалар туралы кеңінен әңгімелеп берді.
Ал, БҚМУ университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты Ж. Жақсығалиев бағдарлаамада Бөрлі ауданы бойынша 2023 жылы Ақсай қаласында 140 орындық балабақша салу, 13 шағын ауданда мектеп салу, сондай-ақ Пугачев ауылында мектеп салу жоспарда барын жеткізді. Сонымен қоса үміткер: "қай қоғамда да өткенін ұмытпаған, болашақты жақсылықпен, игі істермен байланыстыратын мемлекет қана қиындықтарды еңсеріп, өткен қателікті қайталамайды. Елбасы айтқан:"Біз Тәуелсіздігіміздің қандай қиындықпен келгенін білеміз, ал оны сақтап тұру, одан да қиын. Бізді ұрпақ бір нәрсе үшін кешірмеуі мүмкін, ол-Тәуелсіздігімізді сақтап қала алмасақ. Сондықтан да осы тәуелсіздігіміз жолында аянбай еңбек етіп, Қазақстанның жетекші партиясы ұстанған бағыт-адамға қолайлы орта қалыптастыру, еңбектеніп, өзін-өзі қамтамасыз етуге, өскелең жас ұрпақты патриоттық сезімі терең жолда тәрбиелеуге жетелейтінін ескеріп, қолдайық" деген ойларын ортаға салды.
Ал, Тайпақ аудандық ауруханасының меңгерушісі Сабира Сүндетова болса өзі дәрігер болғандықтан ұлт саулығы, ана мен бала денсаулығын қорғау, медициналық саладағы атқарылмақ іргелі шаралар туралы тілге тиек етіп, алдағы бес жылдыққа межеленіп отырған жұмыстарға тоқталды,
Көкейде жүрген көп ойлардың жоспарға алынып, бастама бар екендігіне қуанған жұртшылық, үміткерлердің сөзі соңында қол соғып отырды.
Сөз соңында үміткерлер аудан тұрғындарын белсенділік танытып, 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, дауыс беруге шақырды.
