Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮМІТКЕРЛЕР ХАЛЫҚТЫҢ ҮМІТІН АҚТАУ ҮШІН БАРЫН САЛУДА

«Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!». Бұл «Nur Otan» партиясының ұраны. Депутаттыққа түскен азаматтар агитация басталғалы бері ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп келеді. Олар партияның мақсат-міндеттері мен алдағы 5 жылға жоспарлаған 7 басым бағыттарды баса айтты.

Құдайберген Ержан Төлепұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидат азаматтардың бірі. Аудан, қалаларда партияның үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгін Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауыл округінің тұрғындарымен Экспромт кездесуін өткізді.

Бұл кездесуде Ержан Төлепұлы елдегі болып жатқан жағдайдан хабардар етті. Және де партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген басым бағыттарға жеке-жеке тоқталды. Әрі ауданға қатысты деген ілкімді істерді атап өтуді ұмытпады.

Жиынға қатысушылар да ортаға шығып өз ой-пікірлерін айтты. Аталмыш партияға үлкен сенім артатындықтарын жеткізді. Ауыл тұрғындары ерікті жастар таратқан үгіт-насихат үнқағаздарымен танысып шықты.

0
0
151

Еще по теме

ҮМІТКЕРЛЕР ХАЛЫҚТЫҢ ҮМІТІН АҚТАУ ҮШІН БАРЫН САЛУДА - Yvision.kz