ҮМІТКЕРЛЕР ЕСКЕНЕ ЖӘНЕ ТАСКЕСКЕН БЕКЕТТЕРІНДЕ
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қуаныш Исмагулов, Мереке Басанов, Әсел Қаржауова, Нұрия Мендалиева, Бақыткүл Тиышбаева ауданға қарасты Ескене және Таскескен елді мекендеріне арнайы барып «Есіктен – есікке» акциясын жалғастырды. Үгітшілер тобы алдымен Таскескен бекетіндегі 11 үйге табан тіреп, тұрғындарға 2025 жылға дейінгі партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады.Одан әрі партия өкілдері Ескене елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Елді мекендегі сайлаушылар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын құптайтындарын жеткізді.
