Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҮМІТКЕРЛЕР ЕРЕКШЕ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сәкен Займолдин, Еркін Жиеналин, Медет Кулмуханов, Айдана Табынбаева, Айбек Базылович, Нұрсұлтан Дәулетқалиев "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді. Кездесуде сайлауалды бағдарлама түсіндіріліп, ерекше жандардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар сайлауалды бағдарламада көрсетілген Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеуге; 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға өз бетінше, онлайн режимінде өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, көмекші, орнын толтырушы құралдар мен әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізу сынды өзге де қолайлы жағдайлар қарастырылған

0
0
128

Еще по теме